АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық жасөспірім қыздардың алдағы жылғы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2024 жылы қазақстандық хоккейшілер екінші дивизионның А тобында сынға түсуге мүмкіндік алды. Енді олар Австралия, Латвия, Нидерланд, Ұлыбритания және Түркиямен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасы екінші дивизионында В тобында Болгарияны - 8:1, Жаңа Зеландияны - 7:1, Бельгияны 5:3, Эстонияны 8:0, Исландияны 7:0 есебімен жеңіп, екінші дивизионның А тобына шықты.
Қорытынды ойын кестесінде қазақстандық хоккейшілер 15 ұпаймен бірінші орын алды. Одан кейін Бельгия 11, Исландияның 9, Жаңа Зеландия 6, Болгария 4 ұпай еншілесе, Эстония барлығынан жеңіліс тапты.
Фото: icehockey.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.