Қазақстан Хоккей федерациясының мәлімдеуінше, еліміз жастарына Канаданың студенттер ұжымдары қарсылас болады.
Матчтардың барлығы Астана уақытымен 09:00-де басталады.
12 желтоқсан - Қазақстан - University of Victoria Vikes hockey club
14 желтоқсан - Қазақстан- Trinity Western University Spartans hockey club
18 желтоқсан - Қазақстан - All Star Freshmen BCIHL
20 желтоқсан - Қазақстан - Alberni Bulldogs
Еске сала кетейік, 2019 жылғы жастар арасындағы Әлем чемпионаты биылғы 26 желтоқсаннан келер жылдың 6 қаңтарына дейін Канадада өтеді. Топтық кезеңде Қазақстан жастары Финляндия, Словакия, Швеция және АҚШ командаларымен күш сынасады.