Хоккей: «Қазцинк-Торпедо» екі мәрте жеңіске жетті

АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Ресейдің Қорған қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Николай Парышев атындағы мемориалдың кезекті турнирі аясында Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» командасы екінші мәрте жеңіске жетті.

Кеше өскемендік клубтың хоккейшілері жергілікті «Зауралье» командасын 2:0 есебімен ұтса, бүгін «Ижстальді» (Ижевск) 4:1 есебімен тізе бүктірді. Ертең «Қазцинк-Торпедо» ресейлік «Ариада» (Волжск) командасымен күш сынасып көреді. Бұл ойын күндіз сағат 13:00-де басталады.

Айта кетейік, Николай Парышев атындағы мемориалдың кезекті турниріне төрт команда - «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен), «Зауралье» (Қорған), «Ижсталь» (Ижевск) және «Ариада» (Волжск) құрамалары қатысып жатыр.