Бұл ойында қонақтар есепті бірінші болып ашты. Алайда бірінші кезең аяқталғанша, таразы басы теңесті. Екінші кезеңде алаң иелері алға шықты. «Челмет» оған бір шайбамен жауап берсе, кезең соңында «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері өз басымдығын ұлғайтты. Есеп - 3:2. Үшінші кезеңде таразы басы тағы да теңесті. Дегенмен, Өскемен қаласының құрамасы 4:3 есебімен алға шыға білді. Ал ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда, қарсыластар бір шайба соғып үлгерді. Есеп - 4:4. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллит сериясында Кирил Савицкийдің нәтижелі соққысы «Қазцинк-Торпедоға» жеңіс әкелді.
Осы ойыннан кейін Өскемен қаласының хоккей клубы қосымша екі ұпайға қол жеткізіп, жалпытурнирлік кестеде 9-шы орынға көтерілді.