Хоккей: «Қазцинк-Торпедо» реванш ала ма?

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Кубань» (Ресей, Краснодар) командасын қабылдайды.

Айта кеткен жөн, биылғы чемпионат аясында командалар екінші рет кездескелі отыр. Бұған дейін Краснодар қаласында өткен ойында «Қазцинк-Торпедо» өз қарсыласына 3:6 есебімен жол берген болатын. Бұл ойын аптаның ең қызықты матчы атанған. Себебі екі команда да Жоғары хоккей лигасының үздік құрамалары болып саналады. Бүгінде «Кубань» 48 ұпаймен жалпытурнирлік кестеде екінші орында тұр. Ал Өскемен қаласының хоккей клубы осы уақытқа дейін барлығы 46 ұпай жинап, бесінші орында келеді. «Қазцинк-Торпедо» бүгінгі ойында жеңетін болса, бірден екінші орынға шығады.