Хоккей: «Қазцинк-Торпедоның» бүгінгі қарсыласы - «ВМФ-Карелия»

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Жоғары хоккей лигасының жаңа маусымы аясында Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедосы» сырт алаңда «ВМФ-Карелия» (Карелия Республикасы, Ресей) командасымен кездеседі.

Бұған дейін Өскемен қаласының хоккей клубы өз алаңында өткізген үш ойында да жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантқан болатын. Жалпы турнирлік кестеде ол 8 ұпаймен «Торостан» кейін екінші орында тұр. «Қазцинк-Торпедоның» бүгінгі қарсыласы «ВМФ-Карелия» болса, осы уақытқа дейін екі ойын өткізіп, біреуінде ұтылса, екіншісінде жеңіске жеткен болатын. Оның еншісінде 3 ұпай бар. Ал жалпы турнирлік кестеде «ВМФ-Карелия» 17-орында орналасқан.