Хоккей: Кевин Даллмэн Қазақстан азаматтығын алды

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Канадалық хоккейші Кевин Даллмэн Қазақстан азаматтығын алды. Ол енді Қазақстан ерлер құрамасының сапында ойнайды, хабарлайды «Аламан» агенттігі.

Хоккейші жақында Ригада басталатын олимпиадалық іріктеу жарысына барады. Халықаралық хоккей федерациясы Даллмэннің Қазақстан құрамасында ойнауына рұқсат берген.

Хоккейші 31 жаста. 2008-2012 жылдары «Барыс» сапында ойнаған. Қазір Ресейдің СКА командасының қорғаушысы.