Хоккей: Кевин Даллмэн Қазақстан құрамасына шақырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Питердің СКА командасының қорғаушысы Кевин Даллмэн хоккейден Минскіде өтетін 2014 жылғы әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстан құрамасынан шақырту алды.

Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясының ресми сайтында хабарланды.

Даллмэн ӘЧ-2014 дайындық аясында ұлттық құраманың оқу-жаттығуына қатысатын кандидаттар тізіміне кірді.

Еске сала кетсек, әлем чемпионаты 9-25 мамыр аралығында Минскіде болады. Қазақстан құрамасы алғашқы матчын 10 мамыр күні Германия командасымен өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.