Алғашқы кезеңде екі команда да жеңіске деген құлшыныс танытты. Екі жақ та ойын тәртібін бұзбауға тырысты. Содан да болар, алғашқы жиырма минутта «Барыс» пен «Динамодан» бір-бірден ғана ойыншы алаңнан шығарылды. Хоккейшілер алма-кезек шабуылдап-ақ бақты. Бірнеше рет қонақтар қақпасы алдында қауіпті сәттер де туындады. Бірақ барыстықтар еш нәтиже шығара алған жоқ.
Екінші және үшінші кезеңдерде де астаналықтардың соққан шайбалары нысанаға жетпей жатты. Ал қонақтар қақпа алдындағы қарбалас сәттерді мүлт жібермеді.
Ойын мәскеуліктердің жеңісімен аяқталды.
«Барыс» - «Динамо» Мәскеу - 1:2 - (0:0; 1:2; 0:0) 21:07 - 0:1 - Мартиньш Карсумс 22:48 - 0:2 - Каспарс Даугавиньш (Горовиков, Пестушко) 31:20 - 1:2 - Константин Пушкарёв (Церенок, Уппер) Қақпашылар: Лацо - Ерёменко