ХОККЕЙ: Ресей әлем чемпионатының жартылай финалында американдықтарды сүріндірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден Прагада өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалдық матчында Ресей құрамасы АҚШ командасын 4:0 есебімен ұтты.

Американдықтардың қақпасына шайбаны Сергей Мозякин (48-минутта), Александр Овечкин (51-минутта), Вадим Шипачев (56-минутта), Евгений Малкин (59-минутта) кіргізді.

Ресейлік хоккейшілер финалда сенбі күні екінші жартылай финалдық ойында чехтардан 2:0 есебімен басым түскен Канада құрамасымен кездеседі.