Воронежде өткен матчтың бірінші кезеңінде «Сарыарқа» құрамындағы Евгений Белухин алғашқы шайбаны салды. Екінші жиырма минуттықтың орта кезінде Павел Плотников есепті теңестіргенімен үзіліске санаулы минуттар қалғанда Олег Ломако қарағандылықтарды қайта алға шығарды. Соңғы кезеңнің басында Евгений Рымарев пен Роберт Макмиллан есепті 4:1-ге жеткізді.