Ойынның бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Ал екінші кезеңнің алғашқы минуттарында қарсыластар «Сарыарқаның» қақпашысын қапы қалдырып, алға шықты. Есеп - 1:0. Дегенмен, матчтың аяқталуына төрт минуттай қалғанда, Қарағанды қаласының хоккей клубы таразы басын теңестірді. Осылайша, ойын овертаймға ауысты. Алайда онда да жеңімпаз анықталмады. Буллит сериясында қарсыластардың жолы болды. Қорытынды есеп 2:1 (Б).
Бұл ойында «Сарыарқа» ұтылса да, овертаймға жеткені үшін бір ұпайға ие болды. Қазір команданың еншісінде барлығы 21 ұпай бар. Ол жалпы турнирлік кестеде 16-шы орнын сақтап қалды.