Бұл ойында «Сарыарқа» есепті бірінші болып ашты. Екінші кезеңде таразы басы теңессе де, үшінші кезеңге дейін Қарағанды қаласының хоккей клубы оны 3:1-ге дейін жеткізді. Сөйтіп, Жоғары хоккей лигасының бүгінгі аутсайдері - «ВМФ Карелия» командасынан басым түсті.
Айта кеткен жөн, биылғы чемпионаттың басында «Сарыарқа» да дұрыс ойнай алмай, аутсайдерлердің қатарында болған. Алайда бертін келе, қарсыластарын жеңіп, жалпытурнирлік кестемен жоғары қарай көтеріліп келеді. Бүгінде команда 20 ұпаймен 16-шы орынға орналасты. Ал лиганың өзінде 26 хоккей клубы ойнайды.