ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының «Сарыарқа» командасы жоғары хоккей лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сарыарқа» бүгін Красноярскіде жергілікті «Сокол» командасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Дегенмен шығыс конференциясында өзге командалар арасындағы ойын нәтижелеріне сәйкес плей-офф кезеңіне шықты. Қазір қарағандылық хоккейшілердің еншісінде 52 ойыннан кейін 67 ұпай бар. Шығыс конференциясында алтыншы орында келеді.
«Сарыарқа» - жоғары хоккей лигасындағы Петров кубогының соңғы жеңімпазы. Былтыр олар плей-офф кезеңіне барлық қатысушылар арасында ең соңында шыққан болатын.
Фото: olympic.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.