Айта кетейік, соңғы ойында «Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасының үздік командаларының бірі - «Рубинді» буллит сериясында ұтып, қосымша екі ұпайға қол жеткізген болатын. Қазір Қарағанды қаласының хоккей клубы жалпытурнирлік кестеде 9-орында келеді. Оның еншісінде барлығы 44 ұпай бар. Ал бүгінгі қарсылас - «Спутник» көш соңында тұр. Биылғы чемпионатта ойнап жүрген 26 команданың ішінде Нижний Тагилдың құрамасы 24-орында тұр. Осы уақытқа дейін «Спутник» тек 27 ұпайды ғана жинап үлгерген.
13:46, 02 Желтоқсан 2013
Хоккей: «Сарыарқаның» бүгінгі қарсыласы - «Спутник»
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Спутник» (Ресей, Нижний Тагил) командасымен кездеседі.