Хоккей: «Сарыарқаның» салы суға кетті

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңында ресейлік «Саров» командасынан ұтылып қалды.

Айта кетейік, соңғы мачта қарағандылық клуб сырт алаңда ресейлік «Челмет» (Челябі) командасымен кездесіп, төртінші рет сүрінген болатын. Оған дейін ол «Торосқа» (3:4 (Б), «Молот-Прикамье» (0:4) мен «Южный Уралға» (2:3) жол беріп қойды. Ал осы бесінші матчта «Сарыарқа» командасы «Саров» хоккей клубынан 1:3 есебімен жеңілді.

Бүгінде «Сарыарқаның» хоккейшілері Жоғары хоккей клубының жалпы турнирлік кестесінде көш соңында - 25-ші орында (лигада 26 команда бар) келеді.