Алғашқы кезеңде гол салынған жоқ. Екінші жиырма минутта «Снежные барсы» командасынан Андрей Локтев, Александр Ананичев, Максим Пушкарский және екі рет Әлихан Әсетов шайба салды, деп жазады Sports.kz . Ойынның үшінші бөлігінде астаналық Андрей Локтев пен Дмитрий Гурков қонақтарды тықсыруды одан әрі жалғастырды.
29 қарашада Астанада «Снежные барсы» Новосібірдің «Сибирские снайперы» командасымен тағы да кездесу өткізеді.