Өскемен қаласында өткен алғашқы ойында торпедолықтар 1:2 есебімен ұтылған еді. Сол кезде қарсыластар екі бірдей шайбаны бірінші болып соғып кеткен. Абырой болғанда қарымта бір шайба салып үлгердік. Ал кешегі ойынның екінші кезеңінде "Динамо" үш шайба соғып, бірден 0:3 есебімен алға шықты. Осы жолы да "Торпедо" есепті тек бір шайбаға қысқарта білді. Ойынның соңында xоккейшілердің жүйкесі сыр беріп, арты жаппай төбелеске ұласты.
Дегенмен, есеп өзгермеді. Қорытынды есеп - 1:3. Осы ойыннан кейін "Динамода" екі ұпай (0:2) бар. Ал плей-оффтың ережесіне сәйкес, финалда қарсыласты төрт рет жеңу керек.
Айта кетейік, биылғы чемпионатта "Торпедо" ең жоғары ұпай санын жинап қана қоймай, плей-оффтың барлық кезеңдерінен сүрінбей өтті. Сөйтіп, чемпионаттың тариxында алғаш рет финалға шығып отыр.