Бірінші кезеңде қарсыластар «Торпедоның» қақпасына екі бірдей шайба соғып кетті. Ал екінші кезеңде өз басымдығын ұлғайтып, есепті 0:3-ке дейін жеткізе білді. Дегенмен, осы кезеңнің соңында Константин Романов «Ижсталь» қақпашысын қапы қалдырса, үшінші кезеңде Талғат Жайлауов пен Евгений Фадеевтің көмегімен Александр Шин есеп айырмасын бір шайбаға дейін қысқартты. Бірақ «Торпедо» одан ары аса алмады. Қорытынды есеп - 2:3.
Соған қарамастан, өскемендік клуб жалпы есеп бойынша бір жеңіспен (2:1) алда келеді. Плей-оффта келесі айналымға шығу үшін қарсыласты төрт рет жеңу керек. Демек, аталған екі команда ары кетсе, төрт рет кездесуі мүмкін.
Өткен жылы басталған Жоғары xоккей лигасының негізгі ойындарында «Торпедо» барлық 29 команданың ішінде ең үздік көрсеткішпен (109 ұпай) жалпытурнирлік кестеде бірінші орыннан плей-оффқа өткен болатын. Ал оның қарсыласы - «Ижсталь» xоккей клубы 75 ұпаймен келесі айналымға соңғы болып іліккен.
Айта кетейік, бүгін Құрылықтық xоккей лигасында да плей-оффтың кезекті ойындары өткен болатын. Астаналық «Барыс» xоккей клубы өз алаңында «Тракторды» қабылдады .