Бүгінгі ойында «Торпедо» екі рет шайбаны бірінші болып соқты. Дегенмен, қарсыластар екеуін де қайтарып, таразы басын теңестіре білді. Ал үшінші кезеңге дейін тағы екі шайба соғып кетті. Сөйтіп, 2:4 есебімен алға шықты. Үшінші кезеңде есеп өзгерген жоқ.
Айта кетейік, осы ойыннан кейін жалпы есеп бір ұпайға қысқарды. «Торпедо» үш рет жеңісе жетсе, «Рубиннің» еншісінде екі ұпай бар. Жалпы есеп - 3:2. Финалға шығу үшін өскемендік командаға бір ғана ұпай, яғни бір рет жеңіске жету керек. Жатылай финалдың екінші тобында жеңімпаз анықталды. Ол - Балашиxаның «Динамосы». Жоғары xоккей лигасының финалына шыққан клуб осы командамен кездеседі.
21:28, 05 Сәуір 2017
Хоккей: «Торпедо» xоккей клубына финалға шығу үшін бір ғана ұпай қажет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының «Торпедо» xоккей клубы өз алаңында «Рубин» командасына жол берді. Осылайша, жалпы есеп бір ұпайға қысқарды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.