АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғары хоккей лигасында өнер көрсететін Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубының жартылай финалдағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Торпедо» плей-офф кезеңінен сүрінбей өткен болатын. Енді олар Түменнің «Рубин» хоккей клубымен сайысқа түседі.
Өскемендіктер жартылай финалдың алғашқы екі кездесуін 28-29 наурыз күндері өз айдынында өткізеді. Келесі екі матч 1 және 2 сәуір күндері Түменде жалғасады. Егер бұл кездесулер жеңімпазды анықтамайтын болса, онда 5, 7 және 9 сәуір күндері ойындар сериясы жалғасын табады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.