Алдымен «Кэнакс» командасының форварды Янник Хансенге Назем Кадридің әрекеті ұнамай қалып, оған бірнеше соққы берді.
Бұдан соң Дерек Дорсетт пен Лео Комаров жұдырықтасты. Олардың ізін ала «Ванкувер» командасының форварды Алекс Берроуз «Торонто» командасының мүшесі Морган Райллимен төбелесіп қалды.
Ең «қызығы» «Ванкувер» командасының алаңында «Торонто» мүшесі Мэтт Мартин мен Троем Стекхермен төбелескенде басталды. Екі спортшы бір-бірін төмпештеп жатқанда қақпашы Райан Миллер өзінің командаласына қолдау көрсетті. Осы сәтте жаппай төбелес басталды. Оған екі команданың да қақпашылары араласты.
Екі қақпашы да матч соңына дейін ойыннан аластатылды. Ойынның соңғы минуттарында қақпаны Якоб Маркстрем мен Йонас Энрот күзетті.