Хоккей: Жастар арасындағы әлем чемпионатында Канада чемпион атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадада жастар арасында 2023 әлем чемпионаты мәресіне жетіп, айдын иелері чемпиондық тұғырға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалда канадалық жастар Чехия құрамасымен кездесті. Ойында Солтүстік Америка құрлығының өкілдері қарсыласынан овертаймда 3:2 есебімен басым түсіп, жеңімпаз болды. Үшінші орын үшін сайыста АҚШ құрамасы овертаймда Швецияны 8:7 есебімен жеңіп кетті.

Австриялық жастар Латвияға жеңіліп, алдағы жылы бірінші дивизионда сынға түсетін болды. Оның орнын Норвегия құрамасы басты. Норвегиялық жастар бірінші дивизионда желтоқсан айында өткен іріктеу сатысында Қазақстан құрамасын артта қалдырып кетті.