Хоккейден 2016 жылғы әлем чемпионаты Сочиде өтпейтін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден 2016 жылғы әлем чемпионаты тек Мәскеу мен Санкт-Петерборда өтеді, Сочи туралы әңгіме жоқ, деп мәлімдеді РФ спорт министрі Виталий Мутко.

Бұдан бұрын Сочи әкімі Анатолий Пахомов қала хоккей бойынша әлем чемпионатына әзір екенін айтқан болатын.

«Сочи әкіміне сәлем айта барыңыз. Әлем чемпионаты Мәскеу мен Санкт-Петерборда өтеді, бұл соңғы шешім. Сочи спорт шараларын онсыз да жиі өткізеді», - деді журналистерге Мутко.