Хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионаты Канадада өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионаты Канаданың Калгари қаласында өтеді. Бұл туралы Халықаралық шайбалы хоккей федерациясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Турнир 21-30 тамыз аралығында өтеді. Барлық команда Калгариге 10 тамызда келіп, карантинге жіберіледі. Айта кетелік, хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты былтыр өтуі тиіс болатын. Алайда, коронавирус инфекциясына байланысты жарыс кейінге қалдырылды.