Хоккейден ӘЧ: Әйелдер құрамасы Қытайды жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандастарымыз екінші ойында аталған доданың I дивизионындағы В тобының төртінші турында Қытай командасымен кездесті. Аса тартысты өткен жарыс жерлестеріміздің ірі жеңісімен аяқталды. Есеп - 3:0. Қазақстан сапында Рыспек дубль жасаса, тағы бір шайбаны Тухтиева соқты.

Хоккейден әлем чемпионаты, Азиаго, Италия

I дивизион, «В» тобы

Қытай - Қазақстан 0:3 (0:0, 0:0, 0:3)

0:1 - Рыспек (Тухтиева) - 52:14

0:2 - Тухтиева (Фукс, Олжабаева) - 56:29

0:3 - Рыспек - 59:27

Қақпашылар: Ван - Дмитриева.

Естеріңізге сала кетейік, кеше отандастарымыз әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы «В» тобының үшінші матчында Қазақстан құрамасы Польша командасымен кездесіп, жеңіске жеткенін айтқан болатынбыз.