Жартылай финалдағы алғашқы кездесуде АҚШ пен Канада құрамалары мұз айдынға шықты.
Аталған ойында канадалық хоккейшілер сапынан Брэндон Пирри 2, Эндрю Манджапане 24, 40, Джастин Дэнфорт 59-минутарда мергендік танытты.
Оған американдықтар қатарынан Колин Блэквелл 17, Александр Хмелевски 43-минуттарда қос шайбамен жауап берді. Осылайша Канада қарсыласын 4:2 есебімен қапы қалдырды.
Тағы бір кездесуде Финляндия хоккейшілері Германияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Ойын барысында финляндиялық құрамадан Ииро Пакаринен 13, Ханнес Бьёрнинен 18-минутта гол соқса, немістерден Маттиас Плахта қарсыластар қақпашысын қапы қалдырып кетті.
Айта кетейік, 2019 жылғы әлем чемпионаты финалында да Канада мен Финляндия құрамалары кездескен болатын. Бұл ойында финляндиялық хоккейшілер 3:1 есебімен жеңген еді.
Еске салсақ, биыл аталған сында Қазақстан құрамасы ел намысын қорғады. Олар барлығы 10 ұпай жинап, турнирде бесінші орынды қанағат тұтты. Осылайша плей-офф кезеңіне шығудан тыс қалды.
Айта кетейік, әлем чемпионаты Латвия астанасы Рига қаласында 23 мамырда басталды. Ол 6 маусымда аяқталады.