Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орынға тұрақтады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IB дивизионындағы бесінші ойынын Ұлыбританияға қарсы өткізді.

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер сәтсіз ойын көрсетті. Бірінші және екінші кезеңде бір-бір шайбадан соқты. Үшінші кезеңде қарсыластар бір-бірден гол соқты.

Ұлыбритания — Қазақстан 3:1 (1:0, 2:1, 0:0)

1:0 — Алдерсон-Смит — 01:52
2:0 — Муллен (Джексон) — 21:33
3:0 — Алдерсон-Смит (Ньюлэндс) — 21:59
3:1 — Оразбаева (Шегай, Турсынова) — 36:40

Қақпашылар: Джексон — Щёколова.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберіп, өз тобында 7 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Екі құрама қазірге дейін бес мәрте кездесті. Оның 3-уі қазақстандық хоккейшілердің басымдығымен аяқталса, қалғанында қарсыласының мерейі үстем болды.

Қазақстан әйелдер құрамасы

Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо»), Арина Щеколова, Полина Говтва (екеуі — «Томирис»)

Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы — «Томирис»), Катрин Мескини, Полина Яковлева («Торпедо»), Аида Олжабаева, Мәдина Тұрсынова, Анна Пяткова («Айсұлу»);

Шабуылшылар: Мәлика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Елизавета Дюндина, Лариса Свиридова (барлығы — «Айсұлу»), София Зубкова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы («Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай барлығы — «Томирис»), София Муравьева («Айсұлу Таңдаулы»).

Алғашқы төрт турда қазақстандық хоккейшілер Латвияға буллитен 2:3, Нидерландқа 0:3 есебімен жеңілсе, Испанияны 3:2, Оңтүстік Кореяны 4:3 есебімен қапы қалдырды.