Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 23:00–ге белгіленген.
Отандастарымыз 12-18 сәуір аралығында Испанияда Латвия, Нидерланд, Испания, Оңтүстік Корея және Ұлыбританиямен шеберлік байқасады.
Екі құрама қазірге дейін екі мәрте кездесті. 2024 жылы отандастарымыз бұл қарсыласын 5:3 есебімен тізе бүктірсе, 2021 жылы 2:3 есебімен жеңілістің ащы дәмін татты.
Алғашқы екі турда қазақстандық хоккейшілер Латвияға буллитен 2:3, Нидерландқа 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Ал Испания екі турда Ұлыбританияға 2:3, Нидерландқа 0:6 есебімен есе жіберді.
Турнир кестесінде Қазақстан құрамасы 1 ұпаймен бесінші орында тұрса, көш соңында келе жатқан Испанияның әзірге ұпай қоржыны бос.
Қазақстан әйелдер құрамасы
Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо»), Арина Щеколова, Полина Говтва (екеуі — «Томирис»)
Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы — «Томирис»), Катрин Мескини Полина Яковлева («Торпедо»), Аида Олжабаева, Мәдина Тұрсынова, Анна Пяткова («Айсұлу»);
Шабуылшылар: Мәлика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Елизавета Дюндина, Лариса Свиридова (барлығы — «Айсұлу»), София Зубкова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы («Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай барлығы — «Томирис»), София Муравьева («Айсұлу Таңдаулы»).
Енді қазақстандық хоккейшілер 17 сәуірде Оңтүстік Корея, 18 сәууірде Ұлыбритания құрамаларымен шеберлік байқасады.