НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін, 23 мамырда Қазақстан құрамасы Финляндиямен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған ойын елорда уақытымен 19.05-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске салсақ, қазақстандық хоккейшілер В тобында Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Норвегия, Италия және Латвия құрамаларымен шеберлік байқасады.
Екі құрама бұған дейін аталған турнирде төрт мәрте кездесті. Оның барлығында финляндиялықтар жеңіске жетті. Айта кетерлігі, олар әлем чемпионатында 1995, 2011, 2019 жылдары жеңімпаз атанды.
Биылғы турнирде екі құрама да алғашқы ойындарынан басым түсті. Қазақстан хоккейшілері Латвияны буллитен 3:2 есебімен жеңсе, Финляндия АҚШ құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Сонымен қаттар, Қазақстан құрамасының хоккейден әлем чемпионатындағы мүмкіндігіне Финляндия құрамасының бұрынғы бас менеджері Яри Курри баға берді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.