Отандастарымыз элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы Мажарстан, Польша, Украина, Польша, Словения құрамаларымен сарапқа салып жатыр.
Кездесу барысында алғашқы минуттан швейцариялық құраманың белсенділігі байқалды. Олар алдымен бірінші және екінші кезеңде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қақпасына жауапсыз үш гол соғып үлгерді.
Одан кейін отандастарымыз екі шайба соғып, таразы басын теңестіруге күш салды. Үшінші кезеңде белсенді ойнаған олар қарсылас қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Нәтижесінде бұл кездесуде қазақстандық хоккейшілер 2:3 есебімен жеңілістің ащы дәмін татып, алдағы жылы топ-дивизионға шығу мүмкіндігін қиындатып алды.
Қазірге дейін құрамалар бір мәрте кездескен еді. 2024 жылы отандастарымыз бұл қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберді.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Мажарстан құрамасынан 5:2, Польшадан 10:2, Украинадан 5:3 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ олар енді 24 сәуірде Словениямен шеберлік байқасады.
Ал Швейцария алғашқы үш турда Польшаны 6:1, Словенияны 10:2, Мажарстанды 5:1 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы
Қақпашылар: Кирилл Мыльников, Арсений Кучковский (екеуі — «Барыс»), Рахымбек Рахымжан («Jersey Hitmen U18», AAA);
Қорғаушылар: Спартак Чукреев («Atlantic Coast Academy U18»), Артём Гасников (МХК «Торпедо», Өскемен), Святослав Евплов (ХК «Спартак-МАХ», МХЛ, Ресей), Кирилл Задорожный, Дэнир Утеев («Барыс» U18, Астана), Матвей Решетько, Расул Тұрсынов (екеуі — «Снежные Барсы», МХЛ), Кирилл Серебряков («Team Illinois U18», AAA)
Шабуылшылар: Владислав Ануфриев (МХК «Торпедо», Өскемен), Ануар Ахметжанов, Ерлан Ахмутинов, Нар-Улан Байкен («Atlantic Coast Academy U18»), Никита Гридасов («Boston Hockey Academy U18», AAA), Таир Бигаринов («Барыс», Астана), Илья Громов, Егор Ким («Omaha Lancers», USHL), Рауан Қайыржан («Барыс» U18, Астана), Михаил Коленко (ХК «Ладья», Тольятти, МХЛ), Егор Кравченко, Жахангер Тілеухан (ХК «Снежные Барсы», МХЛ, Астана)
Турнир 18-24 сәуір күндері Польшаның Крыница қаласында өтеді.