АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық жастар бүгін Словения құрамасымен кездесті. Ел құрамасынан Роман Ермак 1, 24, Данииил Цыбин 17, Всеволод Логвин 47-минуттарда мергендік танытты. Оған словениялық хоккейшілер екі голмен жауап қайырды.
Осылайша қазақстандық жастар қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.
Қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионның А тобында сынға түсуде. Қарсыластары - Норвегия, Франция, Словения, Дания және Венгрия құрамалары.
Енді қазақстандық хоккейшілер 18 желтоқсанда Норвегия құрамаларымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Францияға есе жіберіп, одан кейін Венгрия, Дания құрамаларын жеңді.
Аталған жеңісінен кейін қазақстандық хоккейшілер турнир кестесінде тоғыз ұпаймен екінші орынға көтерілді.
Бірінші орында үш ойыннан кейін тоғыз ұпай жинаған Норвегия жастары келеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.