Хоккейден ӘЧ: Қазақстанның кеңейтілген құрамы белгілі болды
Қазақстан хоккей федерациясы мәлім еткеніндей, кеңейтілген құрамға 35 ойыншы енгізілді.
Осылардың ішінен негізгі құрамға 28 хоккейші (25 ойыншы, 3 қақпашы) алынады.
Қақпашылар: Хенрик Карлссон («Барыс»), Никита Бояркин («Сарыарқа»), Демид Еремеев («Теміртау»), Андрей Шутов («Торпедо»);
Қорғаушылар: Джесси Блэкер, Самат Данияр, Даррен Диц, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Валерий Орехов, Егор Шалапов, Виктор Сведберг (бәрі де - «Барыс»), Әділ Бекетаев («Торпедо»), Кирилл Полохов («Тамбов»), Дмитрий Степанов («Ақтобе»);
Шабуылшылар: Павел Акользин, Әлихан Асетов, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Дмитрий Шевченко, Аркадий Шестаков, Роман Старченко, Кертис Волк (бәрі де - «Барыс»), Саян Данияр («Номад»), Дмитрий Гренц, Кирилл Савицкий, Александр Шин, Артем Лихотников (все - «Торпедо»), Александр Борисевич, Владислав Никулин («Сарыарка»), Евгений Рымарев («Югра»), Найджел Доус («Ак Барс»).
Ұлттық құраманы Юрий Михайлис бастаған мамандар жаттықтырады.
Қазақстан құрамасы елордалық «Барыс Аренада» өтетін оқу-жаттығу жиынына 29 сәуір күні бас қосады. 13 және 15 мамыр күні Ригада қазақстандықтар Беларусь құрамасымен екі бақылау матчын өткізеді.