Хоккейден ӘЧ: Жартылай финалға шыққан алғашқы екі құрама анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының элиталық дивизионы жартылай финалына жолдама алған алғашқы екі құрама анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазірге дейін екі ширек финалдың жеңімпазы белгілі болды. Алғашқы ойында АҚШ құрамасы Словакияны 6:1 есебімен тас-талқан етіп жеңді.

Тағы бір кездесуде Германия Швейцарияны буллитен 3:2 есебімен тізе бүктірді. Негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталды. Буллите неміс хоккейшілерінің жолы болды.

Еске салсақ, АҚШ пен Германия құрамасы Қазақстанмен бірге В тобында сынға түскен еді. Қазақстандық хоккейшілер негізгі кезеңде американдық қарсыластарына 0:3 есебіне жол берсе, Германияны 2:1 есебімен жеңген болатын. Қазақстан құрамасы барлығы 10 ұпай жинап, турнир бесінші орынды қанағат тұтып, плей-офф кезеңіне шығудан тыс қалды.

Сондай-ақ, бүгін ширек финалда Ресей мен Канада, Финляндия мен Чехия шеберлік байқасады.

Айта кетейік, әлем чемпионаты Латвия астанасы Рига қаласында 23 мамырда басталды. Ол 6 маусымда аяқталады.