АСТАНА. KAZINFORM - Венгрияның Секешфехервар қаласында 20-26 сәуір аралығында бірінші дивизионның А тобында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтеді.
Оған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қатысады. Қарсыластары - Украина, Австрия, Венгрия, Дания және Словения.
Аталған турнирдің ойын кестесі:
20 сәуір, 22:30. Словения - Қазақстан
21 сәуір, 22:30. Қазақстан - Венгрия
23 сәуір, 22:30. Қазақстан - Дания
24 сәуір, 19:00. Австрия - Қазақстан
26 сәуір, 22:30. Қазақстан - Украина.
Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы IA дивизионындағы әлем чемпионатына қатысу үшін дайындықты бастап кетті.
Оқу-жаттығу жиынына кеңейтілген құрамда 18 жасқа дейінгі 40-тан астам хоккейші шақырылған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.