Хоккейден әлем чемпионатында финалға кімдер шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден 2026 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионында финалға шыққан екі құрама анықталды.

Фото: iihf.com

Жартылай финалдағы алғашқы кездесуде Швейцария құрамасы Норвегияны 6:0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша олар үшінші жыл қатарынан финалға жолдама алып отыр. Дегенмен швейцариялық хоккейшілер өз тарихында бірде-бір мәрте чемпиондық тұғырға көтерілген жоқ. Қазірге дейін бес мәрте күміс алса, үш мәрте қола жүлдегер болды.

Сондай-ақ тағы бір ойында Финляндия құрамасы Канаданы 4:2 есебімен жеңді. Нәтижесінде олар финалға жолдаманы қалтаға басты. Олар соңғы рет чемпиондық атаққа 2022 жылы қол жеткізді.

Финал мен 3-орын үшін ойын 31 мамырда өткізіледі.

Биыл элиталық дивизионнан Италия мен Ұлыбритания құрамалары түсіп қалды. Олардың орнын бірінші дивизионда алғашқы екі орынға ие болған Қазақстан мен Украина құрамалары ие болды.

Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты 1920 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Канада — 28, Ресей (КСРО) — 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция — 11, Финляндия — 4, АҚШ — 3, Ұлыбритания мен Словакия 1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.