Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы екінші рет жеңді
АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы екінші дивизионның А тобында екінші жеңісіне қол жеткізді.
Андорра мемлекетінде өтіп жатқан жарысты қазақстандық хоккейшілер сәтті өткізіп келеді.
Қазірге дейін екі ойынның екеуінде де жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды.
Бірінші ойында қазақстандық хоккейшілер Мексиканы 4:2 есебімен тізе бүктірді.
Бүгін олар Тайвань құрамасымен кездесіп, олардың қақпасына жауапсыз үш шайба соғып үлгерді.
Ел құрамасы сапынан Александр Шегай 10, Екатерина Куценко 16-минутта мергендік танытса, 26-минутта Анастасия Оразбаева қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша Қазақстан қыздар құрамасы қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.
Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 10 сәуірде Исландияға қарсы өткізеді.
Айта кетсек, 7-13 сәуір аралығында ел құрамасы бірінші дивизионға берілетін жалғыз жолдаманы Бельгия, Испания, Исландия, Тайпей және Мексика құрамаларымен сарапқа салады.