Андорра мемлекетінде өтіп жатқан жарысты қазақстандық хоккейшілер сәтті өткізіп келеді.
Қазірге дейін екі ойынның екеуінде де жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды.
Бірінші ойында қазақстандық хоккейшілер Мексиканы 4:2 есебімен тізе бүктірді.
Бүгін олар Тайвань құрамасымен кездесіп, олардың қақпасына жауапсыз үш шайба соғып үлгерді.
Ел құрамасы сапынан Александр Шегай 10, Екатерина Куценко 16-минутта мергендік танытса, 26-минутта Анастасия Оразбаева қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша Қазақстан қыздар құрамасы қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.
Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 10 сәуірде Исландияға қарсы өткізеді.
Айта кетсек, 7-13 сәуір аралығында ел құрамасы бірінші дивизионға берілетін жалғыз жолдаманы Бельгия, Испания, Исландия, Тайпей және Мексика құрамаларымен сарапқа салады.