Хоккейден әлем чемпионаты тікелей эфирден көрсетіледі
10:19, 23 Сәуір 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Хоккейден әлем чемпионатын «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы «А» тобының матчтары Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
Әлемдік бәсекені «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Алғашқы кездесу 29 сәуірде Қазақстан мен Словения құрамасы арасында өтеді. Әлем чемпионаты самырдың 5-іне дейін жалғасады