НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігі наурыз айында басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ligasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Онда барлығы бес команда бақ сынайды. Дүбірлі додада Алматының «Айсұлу», «Жұлдыз», елордалық «Томирис», өскемендік «Торпедо» және Алматы облысының «Барыс» командалары шеберлік байқасады.
Ойындар 7 және 11 наурыз аралығында Алматы қаласында болады. Карантин талабына байланысты ойынды тамашалауға жанкүйерлер жіберілмейді.
Естеріңізге сала кетелік, шайбалы хоккейден елордадағы халықаралық турнирде Қазақстан жеңімпаз атанғанын хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.