Хоккейден Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабы шайбалы хоккейден 5-8 қараша аралығында Чонджу қаласында (Оңтүстік Корея) өтетін Азия чемпионатына қатысушылардың тізімін бекітті.

Фото: ҰОК

Шешуші тізімге 23 ойыншы кірді. Оның ішінде үш қақпашы, сегіз қорғаушы және 12 шабуылшы бар.

Қақпашылар: Антон Осокин, Сергей Кудрявцев (екеуі де – «Торпедо»), Владислав Нурек («Номад»).

Қорғаушылар: Степан Александров, Данил Бутенко, Фёдор Хорошев (барлығы – «Торпедо»), Артем Королев, Александр Макаров, Кирил Никитин, Руслан Тусупбеков (барлығы – «Номад»), Эдуард Михайлов («Сарыарқа»).

Шабуылшылар: Артур Гатиятов, Дмитрий Гренц, Диас Гусейнов, Саян Данияр, Максим Мухаметов (барлығы – «Торпедо»), Артур Гросс, Абай Мангисбаев, Александр Мигунов, Никита Мерзликин (барлығы – «Номад»), Александр Борисевич («Сарыарқа»), Евгений Рымарев («Алматы»), Оскар Юлбарисов («Горняк»).

Айта кетелік Қазақстан хоккей құрамасының Азия чемпионатындағы бас бапкері белгілі болған еді.