Хоккейден Бірінші арна кубогында Қазақстан құрамасы Ресейден жеңілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Бірінші арна кубогында екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші ойынында қазақстандық хоккейшілер Ресей құрамасымен кездесті. Ойын барысында ел құрамасынан Кирилл Савицкий 2, Роман Старченко 52-минуттарда мергендік танытса, оған ресейлік хоккейшілер алты шайбамен жауап қайырды.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 2:6 есебімен есе жіберді.

Еске салсақ, бұдан бұрын алғашқы кездесуінде олар Беларусьқа 1:4 есебімен есе жіберді.

Аталған турнирдің жеңімпазы 18 қыркүйекте өтетін Ресей және Беларусь құрамалары кездесуінде анықталады.