АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден қазақстандық «Барыс» командасы қатысатын Ресейдің Омбы қаласындағы Блинов кубогының ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турнир 20-25 тамыз күндері өтеді. Дүбірлі дода биыл 29 мәрте жалауын көтереді.
Турнир барысында «Барыстан» өзге Ресейдің «Авангард» (Омбы), «Локомотив» (Ярославль), «Нефтехимик» (Нижнекамск) және «Салават Юлаев» (Уфа) командалары бақ сынайды.
Қазақстандық команда 20 тамызда «Салават Юлаев» клубымен шеберлік байқасса, 21 тамызда «Локомотивке» қарсылас атанады.
Ал 23 тамызда «Авангард», 25 тамызда «Нефтехимикпен» кездеседі.
Айта кетсек, «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын 2 қыркүйекте «Салават Юлаев» клубына қарсы өткізеді.
Одан кейін 4 қыркүйекте ресейлік тағы бір команда «Сибирь» командасын қабылдайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.