АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына дайындығын бастап кетті.
Биыл ел құрамасы IB дивизионында сынға түседі. Қарсыластары — Оңтүстік Корея, Италия, Ұлыбритания, Латвия және Словения. Ойындар 9-15 сәуір күндеріне белгіленген.
Қазақстандық хоккейшілер 3 сәуірден бастап дайындықты Ұлыбританияда өткізеді. 6 сәуірде сол елдің құрамасымен жолдастық кездесуде мұз айдынына шығады.
Отандастарымыз былтыр IIA дивизионында бірінші орын алды. Онда бес ойынның барлығында жеңіске жетті.
Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер 2005, 2007, 2009 жылдарда жоғары дивизионда бақ сынады. Ал 2003, 2007, 2011 жылдарда Азия ойындарында чемпион атанды.
Еске салсақ, биыл құрама Қытайдың Харбин қаласында өткен ІХ қысқы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.