АСТАНА. KAZINFORM — Андоррада 7-13 сәуір аралығында шайбалы хоккейден әйелдер арасында екінші дивизионның А тобында ойындар өткізіледі. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады.
Қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионға берілетін жалғыз жолдаманы Бельгия, Испания, Исландия, Тайпей және Мексика құрамаларымен шеберлік байқасады.
Қазақстан құрамасының ойын кестесі:
7 сәуір. 20:30. Мексика — Қазақстан
8 сәуір. 17:00. Қазақстан — Тайпей
10 сәуір. 17:00. Қазақстан — Исландия
11 сәуір. 20:30. Бельгия — Қазақстан
14 сәуір. 00:00. Испания — Қазақстан.
Қазақстандық хоккейшілер былтыр Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында бірінші дивизионның В тобында сынға түсті.
Барлық ойында жеңіліп, бір сатыға төмен дивизионға төмендеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының әлем чемпионатының элиталық дивизиондағы ойын кестесі белгілі болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.