Отандастарымыз матч барысында тартысты ойын өткізді. Алғашқы болып есеп ашты қытайлық хоккейшілер ашты. Қазақстандық құрама одан кейін таразы басын теңестірсе, үшінші кезеңде қытайлық хоккейшілер қорытынды есепті белгіледі.
Қытай - Қазақстан 2:1 (1:1, 0:0, 1:0)
07:19. 1:0 - Гао (Жао, Янь)
15:49. 1:1 - Зубкова (Алдабергенова, Тұрсынова)
43:302:1 - Фу (Чен, Хан)
Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.
Олар бұдан бұрын Жапониядан 0:4 есебімен жеңіліп қалған еді. Енді отандастарымыз 18 қазанда Қазақстан уақытымен 8:00-де Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады.
Құрлықтық дода 15-18 қазан аарлығында Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатыр.
Азия чемпионаты биыл үшінші мәрте жалауын көтерді. Былтыр Өскемен қаласында өткен жарыста Қазақстан қола жүлдегер атанған еді. Сондай-ақ олар 2024 жылы Қытай астанасы Бейжің қаласында да дәл осындай жетістікке жеткен еді.