Кездесу барысында жапониялық хоккейшілер белсенді ойын көрсетті. Бірінші және үшінші кезеңде олар екі-екіден шайба соқты. Екінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан асңылау таба алған жоқ.
Осылайша отандастарымыз қарсыласына 0:4 есебімен есе жіберді.
Қазақстан - Жапония 0:4 (0:2, 0:0, 0:2)
0:1 - К. Сато (Я. Вадзима, А. Сига), 00:23
0:2 - Н. Соне (Х. Лак, Х. Ямасита), 02:12
0:3 - Я. Вадзима (А. Сига), 03:58
0:4 - Х. Ямасита (Н. Соне, Х. Лак), 06:33
Құрлықтық дода 15-18 қазан аарлығында Жапонияның Саппоро қаласында өтеді. Онда отандастарымыз Қытай, Оңтүстік Корея және Жапониямен шеберлік байқасады.
Халықаралық хоккей рейтингінде Жаония құрамасы сегізінші орында тұр. Ал Қытай 14, Оңтүстік Корея 18, Қазақстан 22 орынға жайғасқан.
Азия чемпионаты биыл үшінші мәрте жалауын көтереді. Былтыр Өскемен қаласында өткен жарыста Қазақстан қола жүлдегер атанған еді. Сондай-ақ олар 2024 жылы Қытай астанасы Бейжің қаласында да дәл осындай жетістікке жеткен еді.