А тобындағы екінші кездесуде Жапония мен мен Қытай құрамалары кім мықтыны анықтады.
Матчтың басты фавориті саналған жапониялықтар 8:1 есебімен жеңіске жетіп, қысқы Азия ойындарының алтын медалін мойындарына тақты. Ал А тобында екі ойында жеңіске жеткен Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді.
Төрт ойынның біреуінде жеңіске жеткен Қытай құрамасы қола медалді қанағат тұтты.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан құрамасы А тобының соңғы матчында Оңтүстік Кореяны 3:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, қыздарымыз А тобындағы алғашқы ойында Жапонияға 0:4 есебімен жол берген болатын. Ал Қытай құрамасына қарсы ойында қазақстандықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.