АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы «В» тобының үшінші матчында Қазақстан құрамасы Польша командасымен кездесіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тартысты өрбіген ойын 4:3 есебімен отандастарымыздың пайдасына шешілді. Жеңісті шайбаны Алена Фукс соқты.
Хоккейден әлем чемпионаты, Азиаго, Италия
Бірінші дивизион, «В» тобы
Қазақстан - Польша 4:3 (2:2, 2:1, 0:0)
1:0 - Шегебаева (Молдабай) - 01:34
1:1 - Позневская (Чаплик) - 07:01
2:1 - Алдабергенова (Королева) - 12:42
2:2 - Чаплик (Позневская) - 19:44
2:3 - Стшелецкая (Вечорек) - 28:05
3:3 - Молдабай (Турсынова) - 33:03
4:3 - Фукс (Шегебаева, Молдабай) - 34:39
Қақпашылар: Дмитриева - Кошинская
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.