Хоккейден Қазақстан чемпионаты: Жартылай финалдағы командалар жұбы анықталды
23:33, 07 Наурыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты плей-офф сатысы жартылай финалына шыққан командалардың жұбы анықталды.
Жарыстың аталған сатысында «Арлан» (Көкшетау) мен «Сарыарқа» (Қарағанды), «Номад» (Астана) пен «Ақтөбе» командалары кездеседі.
Ойындар 14 наурыз бен 2 сәуір аралығында болады.
Еске салсақ, бұдан бұрын 2026 жылғы Қысқы Олимпиадада хоккейден Қазақстан құрамасының іріктеу сатысындағы қарсыластары анықталды.
Ойындар 2024 жылдың 29 тамыз және 1 қыркүйегі аралығында Словакия астанасы Братислава қаласында өткізіледі.